Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Қыз тағдыры – ел тағдыры» әдеби викторинаның ақпараты

2025 жылдың 4 желтоқсаны күні сағат 11.00-де С,Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы кітапхана оқырмандарына «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді әрекет» аясында «Қыз тағдыры – ел тағдыры» әдеби викторинасын өткізді.

Мақсаты: Жасөспірімдер арасында қыз баланың құқығын қорғау, гендерлік теңдік туралы түсінікті кеңейту, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, сондай-ақ әдеби шығармалар арқылы адамгершілік құндылықтарды дәріптеу және тұлғалық жауапкершілікті қалыптастыру.

Іс-шара барысында кітапхана қызметкері Лаура Ерікқызы қатысушыларға қыз баланың қоғамдағы орны мен құқықтары жөнінде мағлұмат беріп, гендерлік зорлық-зомбылықтың түрлері мен оның алдын алу жолдары талқыланды. Сонымен қатар әдеби шығармалар негізінде қойылған сұрақтар арқылы қатысушылар пікір алмасып, өз көзқарастарын еркін білдіріп, қыз баласының тағдыры мен қауіпсіздігін, құқығын қорғаудың маңыздылығы жайлы ой қозғады.

4 декабря 2025 года в 11:00 в областной юношеской библиотеке имени С.Жиенбаева для читателей в рамках акции «16 дней активных действий против гендерного насилия» была проведена литературная викторина «Қыз тағдыры – ел тағдыры».

Цель: Защита прав девочек среди подростков, расширение понимания гендерного равенства, профилактика бытового насилия, а также воспитание нравственных ценностей и формирование личной ответственности через литературные произведения.

В ходе мероприятия сотрудник библиотеки Лаура Еріккызы предоставила участникам информацию о роли девушки в обществе и её правах, были обсуждены виды гендерного насилия и меры по его предотвращению. Кроме того, на основе вопросов по литературным произведениям участники обменялись мнениями, выразили свои взгляды и затронули важность защиты судьбы, безопасности и прав девушек.

НАШИ КОНТАКТЫ