2025 жылдың 2 желтоқсаны күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді әрекет» аясында «Әдебиеттегі аналар мектебі» кітап көрмесін өткізді.
Мақсаты: Аналар бейнесі арқылы қоғамдағы әйелдің рөлін, оның мейірімі мен ұлт тәрбиесіндегі орнын дәріптеу, гендерлік зорлық-зомбылық мәселесіне қоғам назарын аудару, оқырмандарды адамгершілікке, отбасы құндылықтарын қадірлеуге үндейтін көркем әдеби шығармалармен таныстыру.
Іс-шара барысында ана тақырыбын арқау еткен классикалық және қазіргі қазақ әдебиеті үлгілері, ананың мейірімі мен парасатын, отбасы тәрбиесіндегі орнын айшықтайтын прозалық және поэзиялық шығармалар таныстырылды. Көрмеде жазушылардың өмірі мен шығармашылығына арналған материалдар, деректі басылымдар мен танымдық әдебиеттер қойылды. Сонымен қатар, кітапханашылар оқырмандарға ұсынылған кітаптардың мазмұны туралы ақпарат беріп, талқылау ұйымдастырды.
2 декабря 2025 года в 11:00 в областной юношеской библиотеке имени С.Жиенбаева в рамках акции «16 дней активных действий против гендерного насилия» была организована книжная выставка «Әдебиеттегі аналар мектебі».
Цель: через образ матери подчеркнуть роль женщины в обществе, ее доброту и значение в воспитании нации, привлечь внимание общественности к проблеме гендерного насилия, а также познакомить читателей с художественными произведениями, призывающими к человечности и уважению семейных ценностей.
В ходе мероприятия читателям были представлены произведения классической и современной казахской литературы, посвящённые образу матери, а также прозаические и поэтические работы, раскрывающие её доброту, мудрость и роль в семейном воспитании. На выставке были размещены материалы о жизни и творчестве писателей, документальные издания и познавательная литература. Кроме того, библиотекари предоставили посетителям информацию о содержании представленных книг и организовали обсуждение.


