Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Қазақ әйелінің образы әдебиетте» кітап талқылаудың ақпараты

2025 жылдың 9 желтоқсаны күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінде «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді әрекет» аясында «Қазақ әйелінің образы әдебиетте» тақырыбында кітап талқылау өткізді.

Мақсаты: Қазақ әдебиетіндегі әйел бейнесін жан-жақты талдау. Жасөспірімдерге гендерлік теңдік, әйелдің қоғамдағы рөлі, құқықтары туралы түсінік қалыптастыру. Кітап оқуға қызығушылығын арттыру, сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту.

Шара барысында жастар қазақ әдебиетіндегі әйел образын талқылап, қаламгерлердің шығармаларындағы әйелдердің тағдыры, мінезі, қоғамдағы орны жайында өзара пікір алмасты. Сонымен қатар Фариза Оңғарсынованың «Ана», Мұқағали Мақатаев «Анашым» атты өлеңдері оқылып, олардың мазмұны мен поэтикалық ерекшеліктеріне талдау жасалды. Студенттер аталған өлеңдер арқылы қазақ әйелінің мейірімі, парасаты, аналық бейненің асқақтығы, сондай-ақ қыз баланың нәзіктігі мен жастық шағына тән көркем сипаттар туралы ой өрбітті. Әдеби шығармалардағы әйел образын қазіргі қоғамдағы әйелдің рөлімен байланыстырып, гендерлік теңдік мәселесі төңірегінде де ой қозғады.

Шара соңында «Қыз өссе елдің көркі» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды.

9 декабря 2025 года в 11:00 областная юношеская библиотека имени С.Жиенбаева провела в Актюбинском высшем гуманитарном колледже книжную дискуссию на тему «Қазақ әйелінің образы әдебиетте» в рамках акции «16 дней активных действий против гендерного насилия».

Цель: всесторонний анализ образа женщины в казахской литературе. Формирование у молодежи представлений о гендерном равенстве, роли и правах женщины в обществе. Развитие интереса к чтению и навыков критического мышления.

В ходе мероприятия молодёжь обсудила образ женщины в казахской литературе, обменялась мнениями о судьбе, характере и общественном положении женщин в произведениях писателей. Также были прочитаны и проанализированы стихотворения Фаризы Оңгарсыновой «Ана» и Мукагали Макатаева «Анашым», рассмотрены их содержание и поэтические особенности. Студенты, опираясь на данные произведения, рассуждали о доброте и мудрости казахской женщины, величии материнского образа, а также о нежности и поэтичности образа казахской девушки. Обсуждение женских образов в литературе было увязано с ролью женщины в современном обществе и проблемами гендерного равенства.

В завершение мероприятия была организована книжная выставка на тему «Қыз өссе елдің көркі» и проведён библиографический обзор.

Leave a Reply

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС