Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Тәуелсіздік Қазақстан: Жаңа дәуір келбеті» кітап көрмесінің ақпараты

2025 жылдың 15-21 желтоқсаны аралығында С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік Қазақстан: Жаңа дәуір келбеті» тақырыбында тұрақты кітап көрмесін ұйымдастырды.

Көрменің мақсаты: Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарындағы саяси, экономикалық, мәдени және рухани жетістіктерін жастарға кеңінен таныстыру, елінің тарихын құрметтейтін, ұлттық құндылықтарды бағалайтын азаматтарды тәрбиелеу.

Көрмеде Қазақстанның егемендікке қол жеткізу жолы, тәуелсіздік кезеңіндегі маңызды мемлекеттік шешімдер мен реформалар, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған зерттеу еңбектері, тарихи-танымдық әдебиеттер, белгілі қоғам қайраткерлерінің еңбектері, сондай-ақ тәуелсіздіктің қалыптасу кезеңдерін бейнелейтін фотоматериалдар мен мерзімді басылымдар қойылды.

Leave a Reply

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС