2025 жылдың 12 желтоқсаны күні сағат 15:00-де С. Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік: тарих пен болашақ» атты танымдық кеш өткізілді.
Шараның мақсаты: Қазақстанның Тәуелсіздік алу тарихына шолу жасап, ел дамуының маңызды кезеңдері мен жетістіктерін таныстыру, жастар арасында патриотизмді және ұлттық құндылықтарды насихаттау.
Кеш қонақтары: тарих ғылымдарының докторы, профессор Абдоллаев Нұртаза Ақишанұлы; облыстық мәслихат депутаты Бекенов Құдайберген Елтекұлы; филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Ақтөбе қалалық филиалының төрағасы Алдашев Нұрдәулет Мырзалыұлы.
Танымдық кешті «Ер Едіге» жыр мектебінің жетекшісі, ҚР мәдениет саласының үздігі Сарин Әділбек Мұхидуллаұлы терме-толғауларымен ашып, жыр өнерінің құндылығы мен оның ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы жөнінде әсерлі ойларымен бөлісті. Кеш жүргізушісі Лаура Ерікқызы Тәуелсіз Қазақстан тарихының мемлекеттік маңызына тоқталып өтті.
Шара барысында тарих ғылымдарының докторы Нұртаза Ақишанұлы Қазақстан тәуелсіздігінің тарихи кезеңдері туралы мазмұнды ой-тұжырымдарымен бөлісті. Одан әрі сөз алған «Қазақ тілі» қоғамының қалалық филиалының төрағасы Нұрдәулет Мырзалыұлы Тәуелсіздік жылдарындағы тіл саясаты мен ұлттық руханияттың дамуына тоқталды. Сонымен қатар облыстық мәслихат депутаты Құдайберген Елтекұлы өңірдің тәуелсіздік жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық жетістіктері және рухани жаңғыру бағытындағы жұмыстар жөнінде баяндама жасады. Кеш барысында Ақтөбе автожол колледжінің 4-курс студенті Ақнұр Дарханқызы жүрекжарды өлеңін оқып, шараның көркемдік мәнін арттырды.
Іс-шара соңында «Тәуелсіздік Қазақстан: Жаңа дәуір келбеті» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.
12 декабря 2025 года в 15:00 в Областной библиотеке для молодёжи имени С.Жиенбаева состоялся познавательный вечер «Независимость: история и будущее», посвящённый Дню Независимости.
Цель мероприятия: сделать обзор истории обретения Независимости Казахстаном, представить важнейшие этапы и достижения развития страны, а также укреплять патриотизм и пропагандировать национальные ценности среди молодёжи.
Гости вечера: доктор исторических наук, профессор Абдоллаев Нуртaза Акишанулы; депутат областного маслихата Бекенов Кудайберген Елтекулы; кандидат филологических наук, доцент, председатель городского филиала Международного общества «Қазақ тілі» Алдашев Нурдаулет Мырзалыулы.
Познавательный вечер открыл руководитель школы жырау «Ер Едіге», обладатель звания «Лучший работник культуры РК» Сарин Адильбек Мухидуллаулы, исполнив терме и толгау, а также поделившись своими глубокими размышлениями о ценности жыров и их значении в воспитании молодого поколения. Ведущая мероприятия Лаура Ериккызы отметила государственную значимость истории Независимого Казахстана.
В ходе мероприятия доктор исторических наук Нуртaза Акишанулы представил содержательный анализ исторических этапов становления независимости Казахстана. Затем выступил председатель городского филиала общества «Қазақ тілі» Нурдаулет Мырзалыулы, который затронул вопросы языковой политики и развития национальной духовности в годы Независимости. Депутат областного маслихата Кудайберген Елтекулы сделал доклад о социально-экономических достижениях региона и проводимой работе в рамках духовного возрождения. Во время вечера студентка 4 курса Актюбинского автодорожного колледжа Акнур Дарханкызы прочитала проникновенное стихотворение, украсившее атмосферу мероприятия.
В завершение был представлен библиографический обзор книжной выставки «Независимый Казахстан: облик новой эпохи».




